Жарияланды: 1500

"Бір-екі сағаттан кейін ұмытып қалуы мүмкін": Жазира Байырбекова анасының Альцгеймер дертіне шалдыққанын айтты

"Бір-екі сағаттан кейін ұмытып қалуы мүмкін": Жазира Байырбекова анасының Альцгеймер дертіне шалдыққанын айтты

Әнші Жазира Байырбекова анасының альцгеймер дертіне шалдыққанын айтып, мұндай ауруған ұшыраған ата-анадан намыстанбау керек екенін айтты.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен анамды кішкентай сәби сияқты қабылдап үйрендім.
Анам бізбен кездескенде қатты қуанады.Ертеңіне есінде ештеңе қалмайды.
Тіпті сол күні бір-екі сағаттан кейін ұмытып қалуы мүмкін.

Әзірге 1 минут болса да қуана алатын жағдайы барына шүкір!
Бұл да бізге беріп отырған Алланың мүмкіндігі ғой.

Альцгеймер диагнозымен ауырса да аузынан тек жақсы сөз шығады.Адамдарға тілек айтып,бата беріп,бетінен құшақтап сүйе бергісі келе береді.

Жүрегі мейірімге толы адам қандай жағдайда да мейірімділігін жоғалтпайды екен ғой

Анашым бізді дүниеге әкеліп,бағып қағып өсіргеніңіз үшін,тоғызымызды,әкемді баптау үшін ешқайда шықпай үйде болғаныңыз үшін рахмет!
Алланың нұры жауа берсінші сізге

Ата-анаңыз альцгеймер болса намыстанбаңыз.Қабылдап үйреніңіз", - деп жазды Жазира Байырбекова.

Альцгеймер бұл - деменцияның ең кең тараған түрі. 1906 жылы неміс психиатры Алоис Альцгеймер тарапынан сипатталған нейрогенеративті сырқат. Әдетте 65 жастан асқан адамдарда көбірек кездеседі. Бірақ одан төмен жастағылар арасында да байқалып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін