Бірнеше күннен кейін Сирияның химиялық қаруын жою жөніндегі жоспар жүзеге асырылады. Бұл туралы Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы мәлім етті.
«Сириядағы химиялық қаруды жою бағдарламасы бірнеше күннен кейін іске қосылады деп жоспарланып отыр», — делінген құжатта.
Өткен апта соңында РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияның химиялық қаруын іс жүзінде жою мәселелерін Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы шешеді деп мәлімдеген болатын.