Біреу InCruises-ке кірем деп үйінен айырылды ма?: Белгілі блогер мұны тапсырыс арқылы жасалып жатқан шабуыл деп болжайды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біреу InCruises-ке кірем деп үйінен айырылды ма?: Белгілі блогер мұны тапсырыс арқылы жасалып жатқан шабуыл деп болжайды

Біреу InCruises-ке кірем деп үйінен айырылды ма?: Белгілі блогер мұны тапсырыс арқылы жасалып жатқан шабуыл деп болжайды

Қолжетімді қаражатқа круизбен әлемді саяхаттауға  шақыратын InCruises компаниясы үлкен дауға қалды. 

  • 25 Мамыр 2023
  • 114
Фото - Caravan.kz

22 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі   Қаржы пирамидаларының тізімін жариялаған еді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан қаржы пирамида жобаларының тізімінде  InCruises компаниясы да бар, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Блогер Жан Ахмадиев Instagram желісіне бұл ақпаратқа сенбейтінін, компанияға жасалып жатқан кезекті ақпараттық шабуыл екенін жазған.  

"Кешеден бері InCruises компаниясы — қаржылық пирамидалардың тізіміне енуі мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Ол тізімде 50 ден астам компания бар. Бірақ, блогерлер мен тілшілер тек InCruises-ті тілге тиек етіп, қадалып алды. Неге? Менің ойымша, бұл тікелей тапсырыс арқылы жасалып жатқан шабуыл сияқты. Арпа ішінде бір бидайдай көрінген осы компания талайдан бері тур компаниялардың аяғын шалып келеді.  Қалай дейсіз бе? Айтайын. Сіз турагенттік лайнерге жолдама алу үшін кем дегенде 10000 долларға шығынданасыз. Турагенттіктер бұл бағаны өздері қойып алған. Турагенттіктер осылайша ақшаны орақпен орып жатқанда күтпеген жерден InCruises пайда болды", — деп жазды ол. 

Сондай-ақ журналист бұл компаниядан ешкімнің зардап шекпегенін де айтады.


"Құдай-ау, пирамида дейтіндей, бұл компания біреудің қарғысын алып па? Әлде біреу InCruises-ке кірем деп үйінен айырылды ма? Мен ондайды естімедім", — дейді ол. 

 

Соңғы жаңалықтар