Естеріңізге салсақ, ішімдіктен біраз сілтеген Абзал Бірәлиев жол шетінде кетіп бала жатқан әйелді екі қызымен қоса қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Осы әрекеті үшін енді тек 5 жылға куәлінен айырылады. Ауыр халде аурухана төсегіне таңылған 43 жастағы Күнзада Шағатаева мен оның 9 және 20 жастағы қыздары экс-шенеунікке ешқандай талабымыз жоқ депті. Дегенмен Бірәлиев «Нұр Отан» партиясы қатарынан қуылып, қызметінен де кетті.