Бірқатар Мәжіліс депутаты мемлекеттік наградалармен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірқатар Мәжіліс депутаты мемлекеттік наградалармен марапатталды

Бірқатар Мәжіліс депутаты мемлекеттік наградалармен марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Жарлығымен бірқатар Мәжіліс депутаттары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

  • 13 Желтоқсан 2016
  • 553
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының атынан халық қалаулыларын Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин құттықтады. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Парасат» орденімен депутат Жанат Жарасов пен Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева марапатталды. Ал Мәжіліс депутаты Ахмет Мурадов II дәрежелі «Достық» орденінің иегері атанды. Сонымен қатар 6 депутат «Құрмет» орденімен, 8 халық қалаулысы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, біреуі «Шапағат» медалімен марапатталды. Ал екі депутат «Құрмет» грамотасын алды. Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Републикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалін салтанатты түрде депуттатық корпусқа табыстап, ширек ғасырда елдің жеткен жетістігі мен оған үлес қосқандардың еңбегіне тоқталып, депутаттардың жұмысына табыс тіледі.

— Осы медальдің арқасында, тіпті оны алмасақ та, біздің ширек ғасыр ішіндегі өміріміз артында тұр. Себебі осы 25 жыл еліміз үшін ең маңызды, ең басты оқиғалар өтті. Алғашқы кезеңде қаншалықты оңай емес болса да, бірақ біздің еліміздің жемістері алдымызда тұр деп білемін, дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.


 

Соңғы жаңалықтар