"Қазіргі БАҚ-ғы ақпаратқа қарағанда, салымшылардың басым бөлігі өздерінің есеп-шоттарының жағдайы туралы ақпарат алмаған, әрине, бұл бірталай наразылық туғызып отыр. Салымшылар интернет арқылы, не БЖЗҚ филиалдары ашыла қоймаған қалаларда жиналған ақшалары туралы көшірмелерді ала алмай отыр", деді ол сәрсенбіде палатаның пленарлы отырысында Қазақстан Ұлттық банкі басшысы Қайрат Келімбетовке арнаған депутаттық сауалын жария еткен кезде.
Ол атап өткендей, есеп-шот туралы уақытылы алынған ақпарат салымшыларға оның ақшасы аударылды ма, оған қанша дивиденд есептелді, соны түсінуге мүмкіндік берер еді.
"БЖЗҚ халықты хабардар ету және анықтама беру процедурасын дұрыс деңгейде ұйымдастырмаған, салымшылардың дербес есеп- шоттарын басқару қызметінің мөлдірлігін қамтамасыз етпеген, ал бұл негізінен алғанда олардың басты міндеттерінің бірі болып табылды", деді ол.