Біржынысты неке туралы заңға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біржынысты неке туралы заңға қол қойылды

Біржынысты неке туралы заңға қол қойылды

АҚШ президенті Джо Байден елде біржынысты және нәсіларалық некеге федералдық мандат беретін заңға қол қойды.

  • 14 Желтоқсан 2022
  • 300
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Конгресс әрекет етіп жатыр, өйткені шектен шыққан Жоғарғы сот миллиондаған америкалықтың жарты ғасыр бойы бар құқығын тартып алды. Махаббат — ол махаббат, құқық — ол құқық, әділдік дегеніміз — әділдік. Бұлар америкалықтар үшін ең маңызды, бірінші тұрған нәрселер", — деді АҚШ президенті.

Байден "трансгендер балаларды" қорғады. Оның айтуынша, балалардың жынысын ауыстыру бойынша қызмет көрсететін дәрігерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартатын мемлекеттік заңдар олардың құқықтарына қауіп төндіреді.


"Біз бұл балаларды қорғауымыз керек. Олар өздерін жақсы көретінін білсін, біз олардың жағындамыз және олар өздерін таба алады деп ойлаймыз", — деді Байден.

Соңғы жаңалықтар