Жарияланды: 240

Бишімбаевтің ісі бойынша айыпталған Арман Комаров бостандыққа шықты

Бишімбаевтің ісі бойынша айыпталған Арман Комаров бостандыққа шықты

Бишімбаев ісі бойынша айыпталып, 1 жылдан астам уақыт қамауда болған Арман Комаров бостандыққа шықты. Ол “ProjectCityGroup” ЖШС-де жұмыс істеп жүргенде ірі көлемде пара берді деп айыпталған болатын.

Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлайды.

Бүгінгі сот отырысында Комаровтың адвокаты Дмитрий Куряченко Бишімбаевқа жаңа айыптау актісі тағылуына орай, оның қорғауындағы азаматтың жазасын жеңілдетіп, бостандыққа жіберуін өтінген. Себебі тергеу аяқталғандықтан, ол тергеу ісіне кедергі келтіре алмайды деді ол.

“Айыпталушы Комаровтың адвокатының өтінішін негізге ала отырып, айыпталушы қамаудан босталысын. Оның жазасы қолхат арқылы ешқайда кетпеу турасында өзгертілсін”, – деп үкім шығарды Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Әділхан Шайхисламов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін