Бішкекке Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің басшылары келіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекке Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің басшылары келіп жатыр

Бішкекке Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің басшылары келіп жатыр

БІШКЕК. 15 - тамыз. Kazakhstan Today. Бүгін Қырғызстанның астанасына Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің басшылары келуде.

  • 15 Тамыз 2007
  • 406
Фото - Caravan.kz

Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ақпарат бөлімінен хабарлағандай, бүгін таңертең Қырғызстанға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келген. Күндіз Бішкекке Иранның президенті Махмуд Ахмадинежад, Монғолия президенті Намбарын Энхбаяр, Ауғанстан президенті Хамид Карзай және Пәкістан мен Үндістанның ресми өкілдері келеді. Кешке республиканың басшысы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан

президенті Ислам Кәрімовты қарсы алады. Түнге қарай Бішкекке Ресей президенті Владимир Путиннің ұшағы келіп қонады.

Құрметті қонақтардың бірінші болып Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтао келген, 14-15 тамызда оның Қырғызстандағы ресми сапары өтті.

Бұрын хабарлағанымыздай, ертең, 16-тамызда, Қырғызстанның астанасында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының саммиті өтеді. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті бір күн ішінде «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өтеді. Саммитке Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстанның көшбасшылары, сонымен қатар Иран мен Ауғанстанның президенттері, Үндістан мен Пәкістанның министрлері қатысады.

Мемлекет басшылары отырысының күн тәртібіне бірнеше мәселелер енгізілген, соның ішінде — ұйым аясындағы ынтымақтастықты тереңдету, өзекті халықаралық және аймақтық проблемалар жөнінде пікір алмасу. Кездесуге қатысушылар Шанхай ынтымақтастығы ұйымына төрағалық ететін мемлекеттің жұмысын талқылап, 2008 жылғы саммитті өткізетін жерді белгілейді.

Самиттің жұмыс тілі — орыс және қытай тілдері. Ұйымдастырушылар сондай-ақ ағылшын және парсы тіліне синхронды аударманы қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Саммитке 16 елден 500-ден астам журналист қатысады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті