Іс-шараны ұйымдастырушылар «Қырғызстанның лайықты болашағын үшін» оппозициялық біріккен фронты мен «Ар-намыс» партиясы. Саяси партияның екеуін де республиканың бұрынғы премьер-министрі Феликс Құлов басқарады.
Оппозиция өкілдері Бішкектің ескі алаңына, парламент ғимаратынан қарсы киіз үйлер тігіп, биодәретханалар орналастырған. Астана орталығындағы аштық жариялауға қатысушылардың саны 70 адам, олардың ішінде Мелс Эшимканов та бар. Іс-шараға қатысушылардың барлығы өздерін қанағаттанарлық дәрежеде сезінуде.
Бүгін аштық жариялау орнына Қырғызстанның премьер-министрі Алмазбек Атамбаев пен Ішкі істер министрлігінің басшысы Болотбек Ногойбаев келіп кетті. Алаңда дәргерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекшілік атқаруда.
Бірлескен фронт өкілдері атап көрсеткендей, республиканың көптеген қалалары мен ауылдарында осы сияқты іс-шаралар өтуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті