«Отырыс өткізу туралы шешім Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің кездесуінде қабылдады», -деді А.Бешимов. Оның айтуынша, осы келіссөздердің барысына сондай-ақ, жылдың аяғына дейін екі үкімет басшысының кездесуін ұйымдастырып, онда Қырғызстан мен Қазақстанның жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысының күн тәртібін талқылау жөніңде шешім қабылданды.
Осыған байланысты екі елдің сыртқы істер министрлері осы шараның күн тәртібін дайындауға тиіс. Ондағы басты мәселелердің бірі — Орталық Азиялық мемлекеттердің одағын құру тұжырымдамасын талқылау болмақ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге осы жылдың сәуір айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бішкекке сапары барысында қол қойылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті