Бішкекте Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтуде

Бішкекте Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтуде

Бүгін, 4-қыркүйекте Бішкектегі "Пинара" қонақүйінде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің кезекті 2-мәслихаты басталды. Мәслихатқа Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше барлық елдердің, атап айтсақ, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжіктсан, Өзбекстан және Ресейдің бас прокурорлары қатысуда,- деп хабарлайды КАБАР агенттігі.

  • 4 Қыркүйек 2003
  • 459
Фото - Caravan.kz

Мәслихатты Қырғызстан бас прокуроры Мықтыбек Абдылдаев ашты. Ол өз сөзінде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер геосаяси орналасу ахуалына қарай халықаралық лаңкестік, діни экстремизм, есірткі және қару-жарақтың трансшекаралық айналымы тәрізді халықаралық ұйымдасқан қылмыс түрлерімен күрестің алғы шебінде қалып отырғанын атап көрсетті. «Сондықтан да бүгінгі мәслихатта талқыланып жатқан қауіпсіздікке төнген қатерлерге қарсы күрес саласында ортақ стратегия қалыптастыру мәселелерінің өзектілігі артты. Құқық қорғаушы құрылымдардың іс-қимылын үйлестіруші болып табылатын бас прокурорлар жүйелі ықпалдастық тетіктерін қылмысқа қарсы қоюға тиіс»,- деді М.Абдылдаев.

Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың мәслихатқа қатысушыларға арнаған жолдауын М.Әшірқұлов таныстырды. Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, ғаламдық қауіп-қатерлер Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің алдына ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту бағытында үлкен талаптар қойып отыр. Прокуратура органдарының құқықтық ынтымақтастық тетіктерін қалыптастыру — ШЫҰ елдері үшін айрықша маңызды болумен бірге тиімді әрі тең құқылы қарым-қатынастың айқын дәлелі болып табылады.
Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер бас прокурорларының кездесуінде
лаңкестік, экстремизм және сепаратизммен күрес саласында ұйымға мүше елдердің прокуратура органдарының іс-қимылын өзара үйлестіру, ұйымдастыру, оның механизмдері мен тактикалық мәселелері, сондай-ақ, ұйымдасқан трансұлттық қылмыс, қару-жарақ, есірткі және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша халықаралық құқықтық жәрдем көрсетудегі прокуратура ұйымдарының ынтымақтастық ахуалы талқыланады. Сонымен бірге, трансұлттық қылмыстармен күресте сенімді әрі жедел ақпаратпен алмасу үшін тікелей байланыс тетігін қалыптастыру, прокуратура органдары қызметкерлерін дайындау және олардың кәсіптік шеберлігін шыңдау жөніндегі орталық құру мүмкіндіктері де сараланбақшы.

Соңғы жаңалықтар