Қырғызстан қорғаныс министрі Исмаил Исаковтың журналистерге мәлімдеуінше, коммюникеде «кеңес барысында қол жеткізілген нәтижелер көрініс тауып, әскери ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және аясын кеңейту қадамдары айтылған». Оның айтуынша, сонымен бірге кеңес барысында аймақтық әріптестік және ШЫҰ аясындағы әскери ықпалдастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Кеңеске Қазақстан қорғаныс министрі Даниал Ахметов, Қытайдан — Цао Ганчуань, Ресейден — Анатолий Сердюков, Тәжікстаннан — Шерали Хайруллоев пен Өзбекстан қорғаныс министрінің орынбасары Рустам Ниязов қатысты.
Бүгін сонымен қатар Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің екі жақты кездесулері өтеді.
ШЫҰ-ына Қазақстан, Қытай, Кырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан енеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті