Бітімгерлердің үшінші құрамы Голан жоталарына аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бітімгерлердің үшінші құрамы Голан жоталарына аттанды

Бітімгерлердің үшінші құрамы Голан жоталарына аттанды

Қазақстан бітімгерлердің үшінші құрамын Голан жоталарына шығарып салды

  • 19 Мамыр
  • 1
фото: Қорғаныс министрлігі

Алматыдағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 61993 әскери бөлімінде «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясы құрамында қызмет ету үшін Голан жоталарына аттанатын үшінші ұлттық бітімгерлік контингентті салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Бітімгерлік операциялар орталығынҚазақстан бітімгерлердің үшінші құрамын Голан жоталарына шығарып салды,ың қолбасшылығы, қызметтестер, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты. Митингте сөз алған Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті қолдау ісіне қатысуының маңыздылығына тоқталды.

– Бітімгерлік сыртқы саясаттың басым бағыттарының бірі және Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікке қосқан маңызды үлесі болып табылады, – деп атап өтті генерал-майор Асқар Мұстабеков. – Сіздер еліміздің абыройын асқақтатып, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясына қатысуға аттанғалы тұрсыздар. Бұл – мемлекеттің, халықаралық қауымдастық пен жақындарыңыздың алдындағы үлкен жауапкершілік. Өз кезегінде екінші бітімгерлік контингентінің әскери қызметшісі 3-сынып сержант Жандос Әубәкіровтің әкесі Ғұмар Маратұлы сөз алып, бітімгерлерге ақ жол тілеп, миссияны абыроймен атқарып, аман-есен елге оралуларына тілектестік білдірді.

Бұдан соң үшінші бітімгерлік контингенттің командирі подполковник Ілияс Алматов бастаған әскерилер плацта салтанатты саппен жүріп өтті. Осы мезеттен Қарулы күштердің 139 әскери қызметшісі екінші контингентті ауыстыру үшін Алматы халықаралық әуежайына жол тартып кетті.

Қазіргі таңда 150-ден астам қазақстандық бітімгер Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы және Африка континентіндегі 7 миссиясына әскери бақылаушы, штабтық офицер және жеке дербес әскери контингент ретінде қатысып жатыр. Атап айтсақ, Ливанда, Сирияда, Батыс Сахарада, Оңтүстік Суданда, Конго Демократиялық Республикасында, Орталық Африка Республикасындағы БҰҰ миссияларында қазақстандық бітімгерлер бар.

Қазақстандық бітімгерлер атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету, патрульдеу, тосқауыл бекеттерін күзету, жарылыс қаупі бар заттарды жою, сондай-ақ БҰҰ персоналдарын алып жүру мен эвакуациялау жөніндегі міндеттерді орындайды. Ұлттық контингенттің бұған дейінгі екі құрамы Голан жоталарында қызмет еткен кезде қойылған барлық міндеттерді ойдағыдай орындап, БҰҰ миссиясы мен Хатшылығының басшылығынан жоғары баға алғанын айта кету керек.