«Бүгінде әкімдіктердің ақпараты бойынша бидай егін алқаптарының 97 пайызы жиналды. Осы уақытқа дейін бастырылған өнімнің бункерлік салмағы 20,5 млн. тоннаны құрады. Демек, қазіргі кезде біз биылғы астықтың жалпы көлемі 18,5-19 млн. тоннаға жетеді деп айта аламыз», — дейді М.Өміряев. Вице-министр атап көрсеткендей, биыл Қазақстан экспортқа 9-10 млн. тонна астық шығара алады.