Биыл алғашқы бес айда атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 1,1% артқан - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл алғашқы бес айда атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 1,1% артқан

Биыл алғашқы бес айда атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 1,1% артқан

Биылғы жылдың қаңтар-мамыры аралығында елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі 2010 жылдың алғашқы бес айымен салыстырғанда 1,1 пайыз артып, 512,8 млрд теңгені құраған.

  • 14 Маусым 2011
  • 291
Фото - Caravan.kz

Статистика агенттігінің сейсенбідегі ақпарына қарағанда, жалпы құрылыс жұмыстарының 27,8%-ын жаңадан тұрғызылған ғимараттар құрайды. Бұған 142,8 млрд теңге жұмсалған.

Аталған уақыт аралығында қабырғасы қаланған 9144 жаңа ғимараттың 7649-ы тұрғын үй, қалған 1495-і өзге мақсаттарға арналған.
Осы уақыт аралығында тұрғын үй құрылысына 128,3 млрд теңге жұмсалған.
Аталған бес айда тұрғын үй құрылысына салынған қаржының 53,4%-ы тұрғындардың өз қаржысы есебінен алынған.
2011 жылдың қаңтар-мамыр аралығында республикамызда 1975 мың шаршы метр баспана тұрғызылған. Бұл былтырғы жылдың бастапқы бес айымен салыстырғанда 2,2% кем.

Соңғы жаңалықтар