Бұл туралы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Айдын Рахымбетов баспасөз туры барысында мәлім етті.
«Қазір жоба инвесторлары қажетті құжаттарды рәсімдеп жатыр. Жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Құрылыс жұмыстары биыл басталады. Нысан бұрынғы автотұрақ орналасқан жерде бой көтереді. Бұл жерде жасыл желектер аз өскен. Сондықтан көп жұмысты талап етпейді», — деді Айдын Рахымбетов.
Сонымен қатар оңтүстік астана қонақтары қала күніне орай Алматыдағы тұңғыш динопарктің ашылуына куә болады. Ойын-сауық нысаны бұрынғы «Родина» кинотеатрында ашылатын болады.
«Бұл — коммерциялық жоба, инвесторы «Алтын Тараз» компаниясы. Мұнда тірі жануарға ұқсайтын 24 динозаврдың макеті орналастырылады.
«Келушілерге қызық болады деп ойлаймыз», — деді Алматы қаласы табиғи ресрустар және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Оразалин.