Биыл Қашағаннан 500 мың тонна мұнай өндіріледі - Қ.Бишімбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Қашағаннан 500 мың тонна мұнай өндіріледі - Қ.Бишімбаев

Биыл Қашағаннан 500 мың тонна мұнай өндіріледі - Қ.Бишімбаев

Биыл Қашағаннан 500 мың тонна мұнай өндіріледі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

  • 21 Маусым 2016
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Мұнай саласын қолдау бойынша көзделген шаралардың нәтижесінде мұнай өндіру көлемінің жоспары 74 млн. тоннадан 75 млн. тоннаға дейін жеткізіледі. Сонымен қатар Қашағаннан мұнай өндіруді 2016 жылдың қазанында бастауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады. Бұл ағымдағы жылы қосымша 500 мың тонна мұнай өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады», — деді ол.

Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы жөндеу мерзімдері оңтайландырылады. Бұл қосымша 150 мың тонна мұнай өңдеуге мүмкіндік береді.


«Көмір өндіруді ұлғайту үшін ағымдағы жылдың соңына дейін энергия нысандарында отынның нормативтік қорларын қалыптастыру бойынша бақылау күшейтіледі», — деді Қ.Бишімбаев.