Биыл Жезқазған-Қызылорда автомагистралiн салуға 3 млрд. теңге бөлiнбек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Жезқазған-Қызылорда автомагистралiн салуға 3 млрд. теңге бөлiнбек

Биыл Жезқазған-Қызылорда автомагистралiн салуға 3 млрд. теңге бөлiнбек

Жезқазған-Қызылорда тасжолын салуға 3 млрд. теңге бөлiнедi деп жоспарланды.

  • 22 Маусым 2015
  • 492
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң төрағасы Мереке Пiшембаев мәлiм еттi. 

Оның айтуынша, 2015 жылы стратегиялық маңызы бар «Қарағанды — Жезқазған — Қызылорда» автомагистралін салу бойынша жобаны жүзеге асыру көзделуде.

«Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Павлодар бағыты бойынша 4 жоба бар. Екi жоба — Қызылорда облысы бойынша, 2 жоба — Қарағанды облысы бойынша. Жалпы ұзындығы 150 шақырым. Биыл ол жобаға 3 млрд. теңге жоспарлап отырмыз. Қыркүйек айында конкурсты жариялап, құрылысқа дайындық жұмыстарын бастаймыз», — дедi ол.


Айта кетейiк, «Қызылорда — Жезқазған» автожолының құны шамамен 10,1 млрд. теңгеге бағаланып отыр. Қазір жол-құрылыс компанияларын құру-әлеуетті мердігерлердің тендерге қатысуы үшін жұмыстар жүргізілуде.