Жарияланды: 300

Биылғы мемлекеттік білім гранттарының саны көбейді

Биылғы мемлекеттік білім гранттарының саны көбейді

2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017-2018 оқу жылынан бастап, соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. Атап айтқанда, 2017-2018 оқу жылына бакалавриатқа - 37932 грант бөлінді, бұл өткен жылғы мемлекеттік тапсырыс көлемімен салыстырғанда 6 мыңға көп.  Магистратураға - 10004 орын бөлінді, өткен жылға қарағанда бұл көрсеткіш 2,5 мыңнан астам орынға көбейген. Ал PhD докторантураға - 1285 орын бөлінді, бұл өткен жылғы орын санынан екі есеге көбірек», - деп жауап берді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.

«2017-2018 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы шілде айының екінші бөлігінде жарияланады.

Министрліктің хабарлауынша, мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуде педагогикалық, техникалық және әлеуметтік, қызмет көрсету салаларының мамандықтарына басымдық беріледі.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін