Жарияланды: 650

Биылғы жылдың 9 айында Қызылорда облысында өндірістегі қайғылы оқиғалар салдарынан 8 адам қайтыс болды

2003-жылдың 9 айында Қызылорда облысында өндірістегі қайғылы оқиғалар салдарынан 8 адам қайтыс болып, 18 адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық департаментінің бақылау бөлімінен хабарлады.

Бөлім бастығы Юрий Шевцовтың айтуынша, Қызылорда облысында биыл еңбек қорғау тәртібін бұзуға қатысты 3014 оқиға тіркелді. Өндірісте жарақат алу көрінісінің алдын алу үшін 137 жабдықтың жұмысы тоқтатылды. Еңбек қорғау талаптарын тиісті деңгейде қамтамасыз ете алмаған лауазым иелеріне қатысты іс 16 материалдары құқық қорғау мекемелеріне тапсырылды. Оның айтуынша, тексерулер нәтижесінде еңбек заңдылығын бұзуға қатысты 5267 дерек әшкереленді. Зейнетақы қорларына міндетті төлемдерді аудару былай тұрсын кейбір жұмыс берушілер жалақыны уақытында төлемейді. Заң талаптарын бұзу деректерінің тең жартысынан астамы жеке еңбек шартына отырмауға қатысты. Шартқа қол қойылғанның өзінде онда жұмысқа қабылдау және одан босату, жалақыны төлеу, өтемақылар беру тәртіптері көрсетілмейді. Бақылау бөлімі төрағасының айтуынша, "БГД Интернациональ" ЖШС және Геоинженерлік корпорация тәрізді қытайлық компаниялар халықты жұмыспен қамту орталықтарына дер кезінде ақпараттар бермейтін көрінеді. Мемлекеттік еңбек инспекциясы сондай-ақ, шетелдік мамандарды рұқсат құжатынсыз жұмысқа қабылдау деректерін де анықтапты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін