Биылғы жылдың бюджетіне енгізілетін өзгертулер үкіметтің әлеуметтік бағдарламаларының атқарылуына әсерін тигізбейді -Қаржы министрлігінің басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы жылдың бюджетіне енгізілетін өзгертулер үкіметтің әлеуметтік бағдарламаларының атқарылуына әсерін тигізбейді -Қаржы министрлігінің басшысы

Биылғы жылдың бюджетіне енгізілетін өзгертулер үкіметтің әлеуметтік бағдарламаларының атқарылуына әсерін тигізбейді -Қаржы министрлігінің басшысы

Астана. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Биылғы жылдың бюджетіне енгізілетін өзгертулер үкіметтің әлеуметтік бағдарламалары мен әлеуметтік міндеттерінің атқарылуына әсерін тигізбейді. Мұндай пікірді бүгін "Оңтүстік Корея тәжірибесі негізінде, әлемдік нарық капиталының дағдарысы жағдайында мемлекеттердің тұрақтандыру шаралары" атты кеңесінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Наурыз 2008
  • 445
Фото - Caravan.kz

«Үкімет экономика дамуының жаңа болжамдарын жасағаны белгілі,олардың даму қарқыны төмен. Осығын сәйкес экономиканың дамуына орай жасалған болжамдар есептеліп, бюджет қайта қарастырылатын болады», — деді Б. Жәмішев.

Министр атап өткеніндей, «түсімдер көлемінің төмендеуі импортпен байланысты салаларында байқалады».

«Біздің бюджетіміздің тұрақтылығы, еліміздің бюджет дамуының үлкен ара салмағына ие болғандығымен анықталады. Сондықтан үкімет өзінің белгілеген әлеуметтік бағдарламаларын, әлеуметтік міндеттеріне байланысты мәселелерді орындау үшін осы жылда жүзеге асырылмашқы болған даму бағдарламаларының көлемін азайтып, ешбір қиыншылықсыз бюджетке тиісті өзгертулерді енгізе алады», -деп атап өтті Б. Жәмішев.

Қаржы министрлігінің басшысы атап өткеніндей, «халықаралық қаржы нарығындағы жағдайдың күрделілігіне байланысты туындаған банктердегі мәселе кейін корпоративтік секторды қаржыландырудың түйткіліне әкеліп, бюджетке ақша түсімдерін азайтқандықтан, бұл мәселені аса маңызды жүйелі әрекеттермен шешуді талап етуде. Ол атап өткеніндей, «Қаржы министрлігі бюджеттің атқарылуы күрделілігіне орай оған кездейсоқ бір шараларды қолдануды талап ететін күрделі бюджет деп санамайды».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті