"Біз ұлтқа бөлінсек те, бәрібір бір халық болып өмір сүріп жатырмыз" - Ольга Спирина - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біз ұлтқа бөлінсек те, бәрібір бір халық болып өмір сүріп жатырмыз" - Ольга Спирина

"Біз ұлтқа бөлінсек те, бәрібір бір халық болып өмір сүріп жатырмыз" - Ольга Спирина

Журналист Ольга Спирина Қазақстандағы көптеген ұлттар туралы айтты.

  • 11 Қазан 2022
  • 231
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Сұрауы бар" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қазақстанда бір қызығы, мысалы менің ұлтым орыс. Бірақ, менің құжатта Қазақстан деп жазулы тұр. Сол құжатпен шетелге шықсаң, шетелдіктер "сен Қазақстаннан келдің, бірақ ұлтың орыс деп жазулы тұр" деп таң қалып жатады. Яғни, біз Қазақстанда осылай ұлтқа бөлінсек те, бәрібір бір халық болып өмір сүріп жатырмыз. Ол басқа еш жерде жоқ нәрсе. Ол күшті ғой, керемет қой", — деді Ольга Спирина.

Ольга Спирина өзіне сұрақ қойған журналистің "келешекте барлықтарымыздың жеке куәліктерімізде қазақ болып немесе қазақстандық болып ауысуға қалай қарайсыз" деген сұрағына былай деп жауап берді. 


"Бұл бүкіл әлемде бар нәрсе. Америкада қандай ұлт екені жазылмайды, америкалық деп жазады. Еуропа елдерінде де солай. Қазақстандық деп жазылу керек шығар, қазақстандық деп жазылса мен қарсы болмаймын", — деді Ольга Спирина.

Соңғы жаңалықтар