"Біздің қателікті қайталамаңдар": Мұхтар Әуезовтің өзге ұлттан қыз алмауға шақырған жазбасы тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біздің қателікті қайталамаңдар": Мұхтар Әуезовтің өзге ұлттан қыз алмауға шақырған жазбасы тарады

"Біздің қателікті қайталамаңдар": Мұхтар Әуезовтің өзге ұлттан қыз алмауға шақырған жазбасы тарады

Қазақ әдебиетінің классик жазушысы Мұхтар Әуезовтің орыс ұлтынан қыз алмауға үндеген жазбасы тарады.

  • 19 Маусым
  • 203
Фото - Caravan.kz

Онда қаламгер өздерінің қателігін қайталамауға шақырғанын аңғаруға болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы қоғам белсендісі өзінің парақшасында мәлімдеді.

«ӨЗ ҰЛТЫҢНЫҢ ҚЫЗЫНА ҮЙЛЕН….. Мұхтар Әуезовтің Софы Сматаев ағамызға берген үш кеңесі

Сары бала, сен жазушы болам деп жүрсің ғой. Сол болашақ тірлігіңе демеу болар үш тарау ақылымды айтайын. Қабыл алсаң, қапы қалмассың.

Арақты әу баста ем-дом үшін шығарған. Аздап ішсең – дәру, көп ішсең − у. Жөнімен тата білсең, артықтық етпейді ол. Ал қатаң ескертерім: темекіге жолама! Адам ағзасын арылмас дертке ұшырататын кесірлі кеселдің ең зияндысы. Бұл бір.

Жазушының өте бір баға жетпес құндысы – уақыты. Осы құндының аса қас жауы – карта дейтін азарты мол ойын. Ол немең – уақытыңды ұрлаумен қоса достарыңнан ажырататын зәндемінің өзі.

Өйткені ұтылсаң – ақшаң болмай, бере алмауың мүмкін. Ұтсаң – қолма қол ала алмай, араларың суысып кетуі ғажап емес. Сондықтан картадан аулақ бол.

Үшіншіден, біздің жасаған қателіктерімізді қайталамаңдар. Жоғары оқу орындарында оқып жүргенімізде қазақ қыздары орталау мектепті де бітірмейтін еді.

Содан ба, «тең теңімен» дегенге әулекіленіп «қолымыз жеткеніміз» орыс қызына, одан кейінгілеріміз татарға, басқа ұлт бойжеткендеріне үйлендік. Ұлттың ұлт болып ұюы бесіктен басталарына мән бермеппіз.

Ал ұлттың ұлылығын сақтау үшін өз жұртыңның аруымен бас қосудың аса қажеттігін кешігіп сезіп, сан соғып жүрміз. Сендер елден алыста жүрсіңдер. Бүгінде қазағыңның оқыған қаракөздері жеткілікті. Біздің қателігімізді түзетуге тырысыңдар.

Солай, Софы балам. Кеңесіме құлап түспесе де, құлақ асар ұрпақ болса екен дейтін тілегімнің бір парасы осы. Мәскеу, 1961 ж», — деп жазылған жазбада.