Жарияланды: 350

Бизнеске тән емес шығындар көлемін азайту үшін үкімет 2005-жылға дейін барлық заңдарды өзгертуге тиіс - ҚР Елбасы

"Бизнес саласын оған тән емес шығындардан құтқару үшін үкімет 2005-жылға дейін барлық заңдар мен заңдық актілерді өзгертіп "тазартуға" тиіс". Бүгін, 31-қазанда Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәлімдеме жасады.

"Әлеуметтік мұқтаждықтарды мемлекет пен жеке меншік сектордың қайсысы қаржыландырып отыр дегеннің ара жігін нақты ажырататын мерзім жетті",- деді президент. Ол сондай-ақ, "барлық әлеуметтік шығындарды тауар және қызмет бағасы мен тарифтерге қамтуға жасалатын қадамдар тыйылар емес",- деп атап көрсетті. Н.Назарбаевтың пікірінше, "бұл - отандық өндірушілердің тауарлары мен қызмет түрлерінің өзіндік құнының артуына және олардың бәсекелестік қабілетінің төмендеуіне апарып соғуда". Президенттің пайымдауынша, бизнес саласы белгілі бір әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қолғабыс жасауы қажет, бірақ бұл Қазақстан заңдарымен нақты регламенттелуі тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін