"Бөбек" қорының төрайымы С.Назарбаева Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бөбек" қорының төрайымы С.Назарбаева Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен марапатталды

"Бөбек" қорының төрайымы С.Назарбаева Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен марапатталды

Бүгін, 28-қазанда Алматыда "Бөбек" қорының төрайымы С.Назарбаеваны Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен марапаттау рәсімі өтті.

  • 28 Қазан 2003
  • 1707
Фото - Caravan.kz

Аталмыш сыйлықты табыс ету жөніндегі бүкіләлемдік комитет С.Назарбаеваның өзін-өзі тану жөніндегі философия мен оқу мәдениетіне қосқан үлесін осылайша жоғары бағалады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Сыйлықты тапсыру рәсіміне Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматов, және жазушы атындағы алтын медальді табыс ету жөніндегі Бүкіләлемдік комитеттің президенті, академик Рустанали Рахманалиев, комитеттің жауапты хатшысы, академик Наталья Цовма және басқа да ғалымдар қатысты. Сыйлықты табыс ету рәсімінде сөз сөйлеген Р.Рахманалиевтің айтуынша, «Бөбек қорының төрайымы С.Назарбаева өзінің жұмыстары арқылы балалар арасында кітап оқуға құштарлықты өрістетуге салмақты үлес қосып келеді».
Сондай-ақ, Бүкіләлемдік комитет өкілдері балалардың Орталық Азия аймақтық оқу орталығын құру жөнінде жоба әзірлегенін хабарлады. С.Назарбаеваға осы орталықты басқару туралы ұсыныс жасалды.
«Бөбек» қорының төрайымы С.Назарбаеваның айтуынша, «Өзіңді-өзің таны» жобасы 100-ден астам балабақшалар, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқыту бағдарламасына қамтылып жүзеге асырылуда. С.Назарбаева қоғам тарапынан қолдау тапқан бұл бағдарлама одан әрі дами түседі деп атап көрсетті.
Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен марапаттау жөніндегі бүкіләлемдік комитет 1998-жылы құрылған. Оны академик Дмитрий Лихачев басқарды. Бұл сыйлықтың құрылтайшыларының арасында Габриэль Гарсиа Маркес, Михаил Горбачев, 14-ші Далай Лама , Клод Симон сынды әлемге аты танымал қоғам қайраткерлері бар. Соңғы бес жылда бұл медальмен Рим папасы Иоанн Павел екінші, ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Федерико Майор, Ресей көркемсурет академиясының президенті Зураб Церетели, финанс майталманы Джордж Сорос, БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан, драматург Ингмар Бергман тәрізді адамдар марапатталды. С.Назарбаева аталмыш беделді сыйлыққа ие болған тұңғыш әйел.

Соңғы жаңалықтар