Жарияланды: 350

«Богатырь Көмір» компаниясы келер жылы жаңа қондырғы сатып алуға жұмсалатын шығынды 18% арттырмақ

«Богатырь Көмір» компаниясы келер жылы жаңа қондырғылар мен техника сатып алуға жұмсалатын шығынды 18% арттырып, 77 млн долларға жеткізбек. Бұл туралы дүйсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне компанияның бас директоры Виктор Щукин хабарлады.

«2012 жылы техника сатып алуға 65 млн доллар инвестиия жұмсалды. (...) Келесі жылы техниканы жаңартуға салынатын инвестиция көлемін 77 млн долларға жеткізбекшіміз. Ал, 2014 жылы циклдік технологиялар салынуына байланысты бұл сома кем дегенде 100 млн долларға жетеді», - деп атап өтті ол. Биыл компания 4 экскаватор, 3 автосамосвал сатып алған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін