Бойжеткенді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бойжеткенді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер ұсталды

Бойжеткенді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер ұсталды

Петропавлда 19 жастағы қызды бір апта бойы жалдаламы пәтерде күштеп ұстағандар қолға түсті. Сыбайластар бойжеткенді зорлап, болған оқиғаны бейнетаспаға түсірген. Кейін оны ғаламторға жібереміз деп қорқытып, қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлепті. 

  • 1 Қараша 2013
  • 380
Фото - Caravan.kz


Жалдамалы пәтерде құрбыларымен туған күнін атап өткен бойжеткенді қонаққа келген екі жігіт кезектесіп зорлаған. Ал әрекеттерін таспаға түсіріп, жәбірленушіні үш күн бойы үйден шығармапты. Кейін оны қаладағы моншаларда жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұған алғашқыда көнбеген қызды «суреттеріңді ғаламторға саламыз» деп қорқытыпты. Пәтерді тінткен тәртіп сақшылары үйдегі қылмысқа қатысы бар дүниелерді түгел тәркіледі. Ал оңай жолмен ақша таппақ болған 36 және 24 жастағы қос күдікті мұндай арсыздықты мастықпен жасағандарын айтып, ақталып жатыр.