Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Риоға аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Риоға аттанды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Риоға аттанды

Қазақстан боксшылары осыдан бірер сағат бұрын Риоға аттанды. Оларды шығарып салу үшін Астана әуежайына ұлттық құрама мүшелерінің туыстары, достары және жанкүйерлері жиналды, деп хабарлайды 24.kz.

  • 28 Шiлде 2016
  • 395
Фото - Caravan.kz

Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, жігіттердің физикалық және психологиялық дайындығы жақсы. Мақсат – кемінде 2 алтын медаль. Бұл жауапкершілікті боксшылардың өздері де жақсы түсінеді. «Сондықтан, жазғы Олимпиада ойындарында ел үміті мен сенімін ақтауға барымызды саламыз», — дейді.

— Сол жинап-терген еңбегімізді ринг төрінде шығарамыз. Бар тәжірибемізді көрсетіп, елімізге медаль әкелуге тырысамыз, дейді ұлттық құрама мүшесі Жәнібек Әлімханұлы.

— Дайындық жақсы, ойдағыдай. Елімізге, бізге жанкүйер болыңыздар деймін. Тақымды қысып, деді ұлттық құрама мүшесі Данияр Елеусінов.


Соңғы жаңалықтар