«Болашақ» бағдарламасының 22 жылы ішінде 8 мыңға жуық маман даярланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Болашақ» бағдарламасының 22 жылы ішінде 8 мыңға жуық маман даярланды

«Болашақ» бағдарламасының 22 жылы ішінде 8 мыңға жуық маман даярланды

«Болашақ» бағдарламасының 22 жылы ішінде 8 мыңға жуық маман даярланып, олардың 98 пайызы жұмысқа орналасқан.

  • 15 Маусым 2015
  • 531
Фото - Caravan.kz

Бүгін Парламент Сенатында ҚР Үкіметінің 2014 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бойынша баяндама жасаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлімдеді.

«Болашақ» бағдарламасының 22 жылы ішінде 8 мыңға жуық маман даярланды. Олардың 98 пайызы жұмысқа орналасқан. Қазіргі таңда әлемнің 25 елінде екі мыңға тарта студент оқиды. Олардың қырық пайыздан астамы техникалық мамандықтар бойынша білімін алуда», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жалпы ғылым саласына 2014 жылы 48 млрд. теңге бөлінген.


«Былтырғы жылдың қорытындылары бойынша 1574 жоба аяқталды, ал 118 жоба өндіріске енгізілді. 1400 патент алынды»,- деді Б. Сұлтанов.