Болашақта 10-15 мың метр тереңдіктен мұнай өндірілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болашақта 10-15 мың метр тереңдіктен мұнай өндірілетін болады

Болашақта 10-15 мың метр тереңдіктен мұнай өндірілетін болады

Мұнай барлау ісіне жаңа технологиялар енгізетін кезең жетті. Атырауда өткен халықаралық ғылыми геологиялық конференцияға қатысушы ғалымдар осындай үндеу көтерді.

  • 28 Мамыр 2015
  • 525
Фото - Caravan.kz

Өйткені күні бүгінге дейін игеріліп келе жатқан кеніштер ары кетсе 5 мыңметрлік тереңдіктен алынады. Ал болашақта 7 мың метрден төмен тереңдіктегі шикізат көздерін зерттейтін инновациялық технологиялар қажет. Мұнайлы өлкеде бас қосқан ғалымдар мен геологтар, көмір сутегі шикізатын өндіруші ірі компания өкілдері өндіріс болашағын талқыға салды. Алдағы 15-20 жылда тайыз жерлердегі мұнай көздері түгесіледі. Сондықтан ғалымдар жаңа мүмкіндіктер жолын қарастыруда. «Геологиялық зерттеу жүргізуші мекемелер жаңа технологиялардың жобасын жасап, оны қолданысқа енгізу мәселесін жеделдету қажет», — дейді ғалымдар. Балтабек Қуандықов, Қазақстан мұнайшы-геологтар қауымдастығының төрағасы: — Тайыз жерде орналасқан тіпті Теңіз, Қарашығанақ, Қашағандағы 4 мың метрлік тереңдіктегі мұнай көздерін ашып болдық. Енді біздің болашағымыз одан тереңде жатқан құрылымдарды іздеуіміз керек. Сонда мұнайдың мол көзі бар екендігін көптеген ғалым айтып болжаған. Мамандардың айтуынша, барлау-өндіру мекемелері осы күнге дейін жеңіл мұнай көздерін толық ашып болды. Ендігі кезекте тереңдіктегі мұнай көздерін зерттеу міндеті тұр. Бұл үшін қара алтын өндіруші елдердің ғалымдары болашақ жобаларды бірлесе жүзеге асырмақ ниетте. Юрий Волож, РҒА Геологиялық институтының бас ғылыми қызметкері (Ресей): — Тереңдіктен мұнай өндіретін жаңа технологияларды өндіріске енгізбесек, ертеңгі күндері тығырыққа тірелеміз. Бұрын 5 мың метр және одан терең жерден тек алмас болмаса газ ғана іздеу керек деген қағида қалыптасқан болатын. Бұл тұжырымның қате екендігі бүгінде толығымен дәлелденді. Қазір өте тереңде орналасқан мұнай қорлары табылып жатыр. 10-15 мың метр тереңдіктен мұндай өндіру ісін жаңа технологияларға негізделген өндірістік базалар ғана игере алады. Осыған байланысты болашақта қазақстандық арнайы мамандар тобы жасақталып, геолог ғалымдардың жаңа технологиясын іс жүзінде сынақтан өткізуге атсалысатын болады, — деп хабарлайды 
http://www.24.kz/kz
 сайты.