Қазақстанның аймақтағы даму перспективалары мен рөлін, сонымен бірге, Қазақстан көшбасшысының ой-пікірінің ауқымдылығы мен ұзақмерзімді жобаларын есепке ала отырып, бұл бағдарламалық топтама тек ҚР ішкі аудиториясының ғана қызығушылығын танытып қоймай, Қазақстаннан тысқары бақылаушылардың да кең ауқымды тобымен талданады.
Жекелей алғанда, «Жаңалықтар-Әзірбайжан» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры, Каспий ынтымақтастығы институтының Бакудегі өкілінің сөзіне қарағанда, Қазақстан Орталық Азия аймағында көшбасшылық позицияға ие, Каспий аймағының белсенді ойыншысы, түрік және еуразиялық интеграцияның маңызды тобы, бірқатар аймақтық стратегиялық жобалардың қатысушысы болып табылады. Жаңа өркениетті орталықтардың біріне айналуды көздеген елдің алдында ауқымды міндеттермен бірге қауіп те жоқ емес. Соған сәйкес, Н.Назарбаев сындарлы және көреген саясаткер ретінде мемлекеттің іргетасын нығайтудың маңыздылығы мен өз халқының әл-ауқатын арттыруды түсінеді.
Өзінің «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында Назарбаев халықтың алдына зор міндеттер қойып, оларға қол жеткізу жолдарын көрсетті.
Егер Қазақстан уақытымен әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енсе, осы елдің көшбасшысының болжамы бойынша, «алдағы 15-17 жыл Қазақстанның ауқымды түрде серпінді ілгері басуының «мүмкіндіктер терезесіне» айналады. Қазақстан осы «мүмкіндіктер терезесін» толықтай пайдаланса, онда осынау күрделі аймақтағы басқа елдер үшін ынталандыратын, жігер беретін күшке айналады.
Жаңғырту жолымен келе жатқан Қазақстанның белгілі уақыттағы перспективада бүкіл Орталық Азия аймағының бет-бейнесін өзгерту мүмкіндігін иеленуге барлық негіздер бар, — деп қорытындылады Г.Мамедзаде.