Жарияланды: 560

Болашақтықтар Қазақстандағы шетелдік мамандарды алмастыра алады

Президенттік «Болашақ» стипендиясының түлектері Қазақстандағы шетелдік мамандарды алмастыра алады.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті Әсет Әбдуәлиев мәлім етті. Бүгін елордалық «Көрме» кешенінде өтіп жатқан «Қазақстандық қамту-2011» көрмесінің аясында, болашықтықтар тренингтер өткізді. Әлемдік үздік жоғары оқу орындарының түлектері мұнай-газ өндіру және өңдеу саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті. «Қазақстанда шетелдік жұмыс күштерін жергілікті мамандармен алмастырудың әлеуеті бар екенін көрсеткіміз келді. «Болашақтың» түлектері әлемнің үздік университетінде оқыған, ең жоқ дегенде бір шет тілін меңгерген мамандар және олар индустрияландыру жобаларына атсалысуға қазір-ақ дайын», - деп атап көрсетті Ә.Әбдуәлиев өз сөзінде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болашақтықтар тренинг өткізген стендте болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін