Жарияланды: 20

Болат Бақауовтың денсаулығы нашарлады - сот

Болат Бақауовтың денсаулығы нашарлады - сот

Соттағылар Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовқа қатысты бұлтартпа шарасын өзгертуге қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер экс-әкімнің денсаулығы нашарлауына байланысты осындай шешімнің қабылданғанын айтады.

Сот мәліметінше, Бақауов қамау уақыты кезінде өзін нашар сезінген.

17 қаңтарда соттың үкімімен Бақауов екі айға қамалған болатын. Ал оған дейін Бақауовтың лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін күдікті екені хабарланған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 қаңтарда қылмыстық іс бойынша жедел тергеу іс-шараларын өткізген еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін