"Бөлек кетіп қалды": Жеңіс Ысқақова ұлы мен келініне өкпесін жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бөлек кетіп қалды": Жеңіс Ысқақова ұлы мен келініне өкпесін жеткізді

"Бөлек кетіп қалды": Жеңіс Ысқақова ұлы мен келініне өкпесін жеткізді

Жеңіс Ысқақова отбасында болып жатқан оқиғалармен бөлісіп, тіпті ұлы мен келініне деген ренішін деп жасырып қалмады.

  • 27 Желтоқсан 2018
  • 424
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай, әншінің ұл-келіні рұқсат сұрамай бөлек шығып кеткен деп жазады 31 арнадағы "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы.

"Бізде де бөлек кетіп қалды. Мен Астанада жұмыста жүргенде, өздері бөлек кетіп қалды. Жарайды, өздері біледі. Мен баламды тәрбиеледім, ал менің ұлым өте тәртіпті әрі жұрттың көңіліне қарап қалған адам. Келін өз анасының тәрбиесімен келді. Сондықтан да мен келінді, оның анасына өзімнің заңымды жүргізе алмаймын. Мен тек балама заңымды жүргізе аламын. Бірақ балам айттым сүйсең бірге бола бер — дедім" — деп ағынан жарылды Жеңіс Ысқақова.

Журналистің "ұл-келініңіз рұқсатыңыз кетіп қалды ма?" — деген сұрағына Ысқақова былай жауап берді:


 "Мен Астанада жүргенде рұқсатсыз кетіп қалып тұр ғой. Әрі қарай айтпай ақ қояйын, бұл менің отбасымның құпиясы деп айтайын. Мұндай жағдай әрбір отбасыда болады"  — деп сөзін аяқтады Ысқақова.

Соңғы жаңалықтар