Боливияда полицейлер президент Моралестің көлігіне оқ жаудырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боливияда полицейлер президент Моралестің көлігіне оқ жаудырды

Боливияда полицейлер президент Моралестің көлігіне оқ жаудырды

Боливияда полиция қызметкерлері ел президенті Эво Моралестің көлігіне оқ жаудырды, деп хабарлайды ТАСС.

  • 2 Маусым 2015
  • 312
Фото - Caravan.kz

Көліктің ішінде президенттің болмағаны туралы хабарланады. Оның жүргізушісі ел басшысын ресми астана — Сукре қаласына жеткізуге тиісті ұшақ басқарушысын алып кетуге бара жатқан, деп хабарлады Боливияның ішкі істер министрі Карлос Ромеро. Оның айтуынша, адам өміріне қастандық жасамаққа әрекеттенген төрт адам ұсталып, түсініктерін беріп жатыр.

Оқиға Кочабамба қаласында олардың автомобилі ішінде полицияның екі қызметкері отырған басқа көліктің жолын кесіп өткенде болғаны туралы хабарланады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері көліктерін кілт тоқтатып, бұлардың соңынан екі рет атқан.