Бомба қойылды деген ақпарат тұрғындарды дүрліктірді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Бомба қойылды деген ақпарат тұрғындарды дүрліктірді

Бомба қойылды деген ақпарат тұрғындарды дүрліктірді

Ақтөбенің дәл орталығындағы көпқабатты үй тұрғындары тал түсте әбігерге түсті. Белгісіз біреу жарылғыш заттың барын айтып тәртіп сақшыларына қоңырау шалған.

  • 26 Сәуiр 2014
  • 234
Фото - Caravan.kz

Боранда бомбадан қорыққан тұрғындардың далада 2 сағаттай бүрсеңдеп жүруіне тура келді. Себебі барлығы хабарды естіген бойда жалаң аяқ, жалаң бас пәтерлерінен атып шыққан. Оларды оқиға орнына тексеруге келген тәртіп сақшылары автокөліктеріне сыйдыра алмай әуреге түсті. Ішкі істер қызметкерлері бұл сотқарлардың ісі дейді. Ал тұрғындар болса қаскөй ұсталған жағдайда оның жазасын өзіміз береміз деп отыр. Себебі көбі жұмыстарынан қалып, тіпті естерінен таңғандары да бар.



-Ұстаған адамды оңдырмау керек. Мұндай адамдарды атып тастау керек. Ату да аз. Мынау не деген сұмдық! Қанша бала-шаға, үлкен адамдар. Сандалтып қойды мынандай ауа райында.