Ақмола облысы бойынша сағат 19:00-ден бастап барлық автокөлік түрлері үшін мына жолдарда қозғалыс шектелді:
— «Екатеринбург-Алматы» жолының 913-1114 шақырымындағы Жақсы -Жалтыр аралығы;
— «Жақсы- Есіл -Бұзылық» жолының 0-82 шақырымы;
— «Жезқазған — Петропавл» жолының 537-552 шақырымындағы Бұзылық-Сұрған;
— «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 232-260 шақырымындағы Қостанай обл.-Сұрған аралығы;
— «Көкшетау-Атбасар» жолының 100-184 шақырымы.
Қостанай облысы аумағындағы боран салдарынан бүгін кешқұрым «Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы» жолының 82-164 шақырымы, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 217-232 шақырымында жолдар жабылды.