Боранға байланысты Қазақстанның 4 облысының аумағында жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боранға байланысты Қазақстанның 4 облысының аумағында жолдар жабылды

Боранға байланысты Қазақстанның 4 облысының аумағында жолдар жабылды

Қазақстанның төрт облысының аумағында жолдар жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 16 Қаңтар 2014
  • 213
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда боранға байланысты Ақмола облысы бойынша «Екатеринбург-Алматы» жолының 1014 -1247 шақырымы аралығындағы Жалтыр мен Астана аралығында, сондай-ақ 1278- 1353 шақырымы аралығындағы Астана мен Аршалы учаскесінде қозғалыс шектелді. Бұдан бөлек «Астана-Петропавл» жолының 18 -231 шақырымындағы Астана мен Бурабай аралығы жабылды.
Қарағанды облысы аумағында «Екатеринбург-Алматы» жолының 1425- 1353 шақырымындағы Теміртау мен Ақмола облысы шекарасы аралығында қозғалыс шектелді.
Ақтөбе облысы аумағында «Самара -Шымкент» жолының 753- 1240 шақырымындағы Ақтөбе мен Қызылорда облысы шекарасы аралығында жол жабылды.
Қостанай облысындағы «Жезқазған-Пертропавл» жолының 255 -377 шақырымындағы Қарағанды облысы мен Ақмола облысы шекарасы аралығында қозғалыс шектеулі.
«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде республика бойынша бес жүзден астам арнайы техника жолдарға кезекшілікке шықты.