Божко көктемгі су тасқынын Непалдағы жер сілкінісіне теңеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Божко көктемгі су тасқынын Непалдағы жер сілкінісіне теңеді

Божко көктемгі су тасқынын Непалдағы жер сілкінісіне теңеді

Божко көктемгі алапат су тасқынын Непалдағы жойқын жер сілкінісімен салыстырды. Соңғы 5 жылда болмаған апатты еліміздің бас құтқарушысы климаттың күрт жылынуынан көріп отыр.

  • 27 Мамыр 2015
  • 279
Фото - Caravan.kz

Ал тасқыннан келген шығын ондаған миллиардттан асып кеткен. Нақты соманы шенеуніктердің өздері де білмейді. Су астында  жүздеген елді-мекен қалды. Апаттан ең көп зардап шеккен Қарағанды облысы. Десек те, Божко тасқын боларын алдын-ала біліп, дамба салып, қыстай қар шығардық деп ақталып отыр. Алайда, мұның бірде бірі көмектесе алған жоқ. Кейбір ауылдар әлі белуардан су ортасында тұр.

Владимир Божко, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

-Қазіргі таңда Ақмола облысына қарасты Оразақ, Талапкердегі жағдай оңалған жоқ. Оразақта 12 үй әлі су астында. Адамдарға шатыр тігіп бердік. Жақында үйлерді қайта тұрғыза  бастаймыз.