Бозжырада қонақ үй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалады - Берік Уәли - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бозжырада қонақ үй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалады - Берік Уәли

Бозжырада қонақ үй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалады - Берік Уәли

Кеше Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Президенттің Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жоспарын қайта тапсырғанын мәлімдеген болатын.

  • 18 Қараша 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бүгін Берік Уәли тағы бір мәлідеме жасап, Бозжырада қонақ үй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалатын хабарлады.

"Кеше Facebook әлеуметтік желісінде Президенттің Бозжыра қорығы аумағында салынатын қонақ үйдің құрылысын қайта қарауды тапсырғаны жайында жазып едік. Аталған жазба ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, түрлі сұрақтар қойылып жатыр. Сондықтан осы мәселеге тағы бір мәрте оралып, қосымша түсініктеме бергенді жөн деп таптық", — деп жазды Берік Уәли.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы бұл жобаның тоқтамайтынын, қонақ үй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалатынын айтты.

"Жақында Бозжыра табиғи қорығының жанынан қонақ үй салу жобасы ұсынылды. Өкінішке қарай, қазіргі кезде қорықтың айналасындағы туризм табиғатты қорғау шараларын сақтамай, бейберекет дамып жатыр. Бұл осы ерекше табиғат қорағына орасан зиянын тигізуде. Президент экологиялық туризмді өркениетті жолмен дамытуды қолдайды. Ол үшін қажетті инфрақұрылым, ең алдымен, жайлы қонақүйлер қажет. Сондықтан Мемлекет басшысы Үкіметке қонақ үй салу жобасын қайта қарауды тапсырды. Бірақ, бұл жоба осымен тоқтайды дегенді білдірмейді. Қоғамдық кеңестердің, эколог сарапшылардың және мемлекеттік ведомстволардың ой-пікірлері ескеріле отырып, қонақ үй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалады", — деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана әлуеметтік желіде Маңғыстау облысы, Бозжыра табиғи қорығының жанынан қонақ үй салынатыны жайлы видео тараған болатын. Осыған байланысты Маңғыстаулық белсенділер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Маңғыстау облысының әкімі Серіжан Тұрымовқа ашық хат жолдаған болатын.


 

Кеше Facebook әлеуметтік желісінде Президенттің Бозжыра қорығы аумағында салынатын қонақ үйдің құрылысын қайта қарауды…

Posted by Берік Уәли on Tuesday, November 17, 2020

 

Соңғы жаңалықтар