Жарияланды: 330

БҚО әкімі шекарашылардың қаза табуына байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Шымкент қаласы маңында әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауына байланысты облыс халқының атынан көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, онда: «Елбасының маңайына ұйысып, Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттік шекарасының қадасын бірге қадасқан, кірпік қақпастан ел қорғаны болып жүрген алтын асықтай асыл азаматтардың, халқымыздың ардақты ұл-қызының қайғылы қазасын батысқазақстандықтар қабырғасы қайысып қабылдады. Марқұмдардың барша тума-туысқандарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтамын», делінген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін