БҚО әкімі тұрғындарды қол алысудан бас тартуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО әкімі тұрғындарды қол алысудан бас тартуға шақырды

БҚО әкімі тұрғындарды қол алысудан бас тартуға шақырды

Батыс Қазақстан облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа енді.

  • 21 Қаңтар 2021
  • 19
Фото - Caravan.kz

БҚО әкімі Ғали Есқалиев тұрғындырды кейбір әдеттен бас тартуға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Адамдар әлі күнге дейін қол алысып амандасады. Ішкі саясат басқармасы профилактикалық жұмыстарды күшейтуі қажет. Біз кейбір әдеттен бас тартуымыз керек. Коронавируспен күресудің екі жолы бар: карантин және вакцина. Вакцина бәріне жетпейді. Қазақстан жыл ішінде 6 миллион адамға вакцина салуды жоспарлап отыр. Вакцина КВИ-ді тез жұқтыруы ықтимал адамдарға салынады. Шектеу шараларын жыл соңына дейін қалдыруға тура келуі мүмкін", — деді ол шұғыл штабтың отырысында.

Айта кетейік, 21 қаңтарда БҚО-да 55 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Пандемия басынан бері аймақта коронавирустан 175 адам, пневмониядан 264 адам қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар