Жарияланды: 530

БҚО-да электриктер байқауы ұйымдастырылды

БҚО-да жылдағы дәстүрге сай «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның аудандық электр тораптары қызметкерлері арасында шеберлік байқауы өтуде.

Теректі ауданындағы «Шалқар» оқу-жаттығу полигонында өтіп жатқан аталмыш сайысқа бұл жолы Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Қаратөбе, Приурал, Тайпақ, Теректі, Чапаев электр тораптарының бригадалары қатысуда. Әр бригада бір шебер және үш монтердан құралған. -Шарамыздың мақсаты - қызметкерлер құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, жөндеу және пайдалану жұмыстарының озық әдістері мен тәсілдерін кеңінен насихаттау және тарату. Сондай-ақ басқару құжаттарының талаптарына сәйкес, электр энергиясын тарату тораптарындағы жұмыстардың мәдени деңгейі мен қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жаңа құрылғыларды енгізу ісіне мән берілмек,-деді «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның президенті Яхия Чудров. Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Алмас Бадашевтің айтуынша, былтырғы мұздақ, биылғы су тасқыны кезінде батысқазақстандық энергетиктер жедел қимылдап, аз уақыттың ішінде бүлінген электр желілерін қалпына келтірді. Қатысушылар бұл байқау барысында да кәсіптік шеберлігін, электр тораптарын пайдалану жөніндегі өздерінің теориялық және іс жүзіндегі біліктіліктерін көрсетеріне сенім мол. Биылғы байқау 9 бөлімнен құралған. Олардың ішнде баған басында тұрып 10 кВ. электр қуатынан зардап шеккен адамды жерге түсіріп, алғашқы медициналық көмек көрсету, 3 фазалы электр қуаты қондырғысын қосу және оны есеп схемасы бойынша тексеру, қуаттылығы 10/0,4 кВ болатын трансформатордың ақауын анықтау сынды байқаулар бар. Байқау 25 маусымға дейін созылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін