БҚО-да сот оқушы қызға хиджаб киюге рұқсат еткен жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да сот  оқушы  қызға хиджаб киюге рұқсат еткен жоқ

БҚО-да сот оқушы қызға хиджаб киюге рұқсат еткен жоқ

Батыс Қазақстан облысында мектепке хиджаб киіп барудан шыққан дауға сот соңғы нүкте қойды. 6 жасар Белқыздың әкесі қызымның құқығы тапталды деп шағымданған болатын. Бірақ оның талап арызы қанағаттандырылмады.

  • 24 Қазан 2014
  • 377
Фото - Caravan.kz


Айжан Нұржігітова, Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы:

–Талап діни сенімдеріне қарамастан барлық оқушыларға бірдей. Осыған сәйкес, Бөрлі аудандық соты мектеп ғимаратында бас киім жүруге тыйым салынған мектеп жарғысы білім саласындағы заңнамаға сәйкес және баланың құқығына нұқсан келтірмейді деген шешімге келді.

Бұл жағдай Ақсайда болған еді. Мектеп директоры ішкі ережені алға тартып, Белқыздың сабаққа хиджап киіп келуіне тыйым салды. Ал Азамат Кенжәлиев бұл Ата Заңға қайшы және қызының діни сенім бостандығын шектейді деп сотқа шағымданды. Алайда сот мектептегі талап барлық оқушыларға ортақ деген шешім шығарып отыр. Бірақ дегенінен қайтпайтын ата-ана мен ұстаздар арасындағы жанжал жуық арада аяқталмайтын тәрізді. Өйткені Белқыздың әке-шешесі сот шешімімен келіспейді. Олар жоғары инстанциялардың бәріне шағымданатынын айтты. Ересектер осылайша ортақ мәмілеге келе алмай жатқанда, кішкентай Белқыз сабаққа бармай, үйде отыр.