БҚО-да үшінші күн қатарынан дала өртеніп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да үшінші күн қатарынан дала өртеніп жатыр

БҚО-да үшінші күн қатарынан дала өртеніп жатыр

Батыс Қазақстан облысында өртсөндірушілер Ақжайық ауданындағы Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің аумағында шыққан өртті үшінші күн қатарынан сөндіріп жатыр. Отқа оранған аумақ 50 гектардан асады. Құтқарушыларға көмекке тікұшақ келді.

  • 24 Тамыз 2021
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"15 гектар орман отқа оранды. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 100-ден аса адам, орман қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды", — деді БҚО ТЖД өкілі.

 

Өртсөндірушілер өртті сөндіру үшін күн сайын жұмыс істеп жатыр. Қазір көмекке "Қазавиақұтқару" тікұшағы келді, деді құтқарушылар.

"Өрт басталғаннан бері жалпы ауданы 5,4 мың гектардан аса жерде 137 табиғи өрт шығу ошағы анықталды. 500 гектар алаңда 12 дала өрті және 17 орман өрті шықты", — деді БҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өрт саяжай тұрғындарына зиян келтірген. Светлана Милехина жалғыз баспанасынан айырылған.


"4 және 9 жастағы немереммен екі қабатты үйде ұйықтап жатқанбыз. Көршілер үй өртеніп жатқанын айтып, айғайлағаны естілді. Балалар, артынан мен жүгіріп шықтым. Бәрі жанып кетті, ештеңе қалмаған", — деді әйел.

Қалалық бағбандар қоғамы соңғы күндері Орал маңында өрт бірнеше бақша серіктестіктеріне зиян келтіргенін айтты.

"Саяжайда үйлер өртеніп, серіктестіктер инфрақұрылымы бүлінген. Өтемақы мәселесін шешу өте қиын. Көп адамның ғимараты тіркелмеген", — деді қоғам төрағасы Андрей Заозеров.

Айта кетейік, БҚО-да екі апта бойы 40 градустан жоғары аптап ауа райы сақталып тұр.

Соңғы жаңалықтар