БҚО-дағы аусылға байланысты Ресей ол жақтан мал мен мал өнімдерінің әкелуіне шектеу енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-дағы аусылға байланысты Ресей ол жақтан мал мен мал өнімдерінің әкелуіне шектеу енгізді

БҚО-дағы аусылға байланысты Ресей ол жақтан мал мен мал өнімдерінің әкелуіне шектеу енгізді

Россельхознадзор (Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау мекемесі) Қазақстанда аусыл пайда болғаны себепті Батыс Қазақстаннан Ресейге аусылға осал малдар мен олардың өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізді, делінген ведомствоның хабарында.

  • 27 Мамыр 2011
  • 565
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда аусыл ауруының тіркелуіне байланысты Россельхознадзор 25-ші мамырдан бастап Ресей территориясы арқылы Батыс Қазақстан облысынан аусылға осал малдар — сиыр, қой, шошқа, сүт және сүт өнімдерін, оның ішінде +70 ºС ыстықтықта 30 минут термикалық өңдеуден өтпеген дайын өнімдерді де, аусыл жұққыш малдарды союдан алынған азық-түліктік емес шикізатты, қолданыста болған оларды ұстайтын, соятын, өңдейтін жабдықтардың, сондай-ақ аусылға осал малдардың жем-шөбінің қозғалуына уақытша шектеу енгізеді», — делінген ақпараттық баянда.

Осыған байланысты Россельхознадзор Ресейге Қазақстан территориясы арқылы келетін мал тасымалдайтын көліктерге қырағылықпен қарау керектігін, Қазақстаннан көліктің барлық түрімен келетін бақыланатын жүктерге толық ветеринарлық тексеру жүргізу керектігін ескертеді.

Сондай-ақ ведомство нұсқауында Ресей территориясына Қазақстаннан келетін көліктердің жүретін бөліктерінің толық дезинфекциядан өткен соң ғана өткізілуі керектігі қатаң ескертіледі.

Соңғы жаңалықтар