Жарияланды: 480

Браконьердің көлігінен бұғының тұтас еті табылды - Қарағанды облысы

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында бұғының тұтас етін көлігіне артқан браконьер ұсталды,

деп хабарлайды аймақтағы ІІД-нің баспасөз қызметінен. «Демалыс күндері қарағандылық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Охотзоопром» ӨК-ның жұмыскерлерімен бірге заңсыз аңшылық фактілерінің алдын алуға бағытталған рейдтік шараларды өткізді. Соның нәтижесінде Бұқар жырау ауданындағы Петровка ауылынан 15 шақырым жерде Қарағандының 33 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «ВАЗ-2121» көлігі тоқтатылды. Көліктің ішінен алдын ала болжам бойынша бұғының еті, ұсталған азаматтың атына тіркелген «ТОЗ-122», «Вепрь-Хантер» және «ИЖ-16» мылтықтары алынды», - делінген облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен таратылған хабарламада. Аталған факті бойынша Бұқар жырау аудандық ІІБ ҚР ҚК-нің 288 бабымен қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде. «Алынған айғақ дәлелдер сәйкестендірілген сараптамаларға жіберілді», - деп атап өтілген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін