Олар елдің 9 штатында жүргізілген кең ауқымды операция нәтижесінде ұсталған. Жергілікті полиция күдіктілердің барлығы «Ирак пен Левант лаңкестік тобын» қолдайды деп есептейді. Осының алдында Ниццадағы экстремистік шабуылдан кейін Бразилияның Қорғаныс министрі Олимпиада кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қатаң шаралар қабылданады деп уәде берген еді.