Ұлыбритания үкіметі мектептерде және қоғамдық ұйымдарда қыз балаларға және бойжеткендерге паранжы киюге тыйым салу мүмкіндігін талқылауы керек, деп хабарлады дүйсенбіде британдық "Таймс" газеті қылмыстардың алдын-алу жөніндегі мемлекеттік министр Джереми Браунге сілтеме жасай отырып.
Шенеунік ұлттық пікірталас өткізіп, осы мәселені талқылауды ұсынды. Оның пікірінше, қыз балалар паранжыны әдетте өз еркімен емес, туыстарының талабына орай тағады.
Д.Брауннің сөздеріне мұсылман ұйымы тарапынан наразылық білдірілді, оның өкілі мұсылман әйелдер дін бостандығын саясаттың араласуынсыз пайдалануға тиіс, деп мәлімдеді.